Болат - темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа да элементтермен қорытпасы; темір, көміртек және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.
Болат - өндіру технологиясына байланысты құрамына көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер кіреді. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний және т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.
Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты төрт топқа бөлуге болады:
Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері, вагон және кеме жасауда қолданады.
Машина жасау болатынан әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өткізіледі.
Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады.
Айрықша-физикалық қасиеттері бар болат кәбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.
Болат: Дереккөздер
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. Осы кітапты сатып алу
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : "ЭКО"ҒӨФ. 2007.-29 1 б. Осы кітапты сатып алу
Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі Осы кітапты сатып алу
Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. - 208 бет: суретті. Осы кітапты сатып алу
Болат: Сыртқы сілтемелер
Malimetter.kz Болат өндіру реферат (қазақша)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Steel
Сайтта пайда болатын барлық сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері, сауда атаулары, өнім атаулары және логотиптер олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.